2015 жылғы 17 маусым, Астана, Үкімет Үйі
Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиарды және уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны беруді келісетін уәкілетті органды айқындау туралы
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиар;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономикасы министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны беруді өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде келісетін уәкілетті орган болып айқындалсын.
2. «Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою бойынша қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 қаңтардағы № 18 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 11, 205-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.